Сіздерді «Дерматовенерология және дерматокосметологияның жасқа байланысты аспектілері» халықаралық қатысуымен өтетін ғылыми-практикалық конференцияға шақырамыз.

Сіздерді «Дерматовенерология және дерматокосметологияның жасқа байланысты аспектілері» халықаралық қатысуымен өтетін ғылыми-практикалық конференцияға шақырамыз.

«Дерматовенерология және дерматокосметологияның жасқа байланысты аспектілері» халықаралық қатысуымен өтетін ғылыми-практикалық конференциясы 2024 жылғы 24 мамырда Павлодар қ., «Ертіс» қонақ үйі, Академик Әбікен Бектұров 79 мекен-жайы бойынша өтеді.

                     Конференцияның маңыздылығы - дерматовенерология, дерматокосметология және эстетикалық медицина саласында өзекті мәселелерді белсенді интерактивті талқылау үшін бірігу мүмкіндігі болады.

                     Конгресстің ғылыми бағдарламасы дерматовенерологтар мен дерматокосметологтарды ғана емес, сонымен қатар көптеген аралас терапиялық және хирургиялық мамандықтардағы мамандарды да қызықтырады.

                     «Астана Медицина Университеті» КеАҚ дерматовенерология және дерматокосметология кафедрасы мен Қазақстан дерматовенерологтар және дерматокосметологтар қауымдастығы ұйымдастырған ғылыми-тәжірибелік конференциялардың ерекшелігі жыл сайын Қазақстанның әртүрлі аймақтарында ғылыми-тәжірибелік конференцияларды ұйымдастыру болып табылады. Конференция бағдарламасына белгілі бір аймақтың мамандарын қызықтыратын өзекті мәселелерді қосуға болады, өйткені бұл сол аймақтың дерматовенерологиялық қызметінің ерекшеліктерін, климаттық, географиялық және т.б. әлеуметтік-экономикалық айырмашылықтарын ескереді.

          Конференция аясында көрме ұйымдастырылып, дерматосметология және дерматоскопия бойынша шеберлік сабақтары жоспарланған.

Конференцияның модераторы – медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстандық дерматовенерологтар, дерматокосметологтар қауымдастығының президенті, «Астана Медицина Университеті» КеАҚ дерматовенерология және дерматокосметология кафедрасының меңгерушісі Батпенова Гүлнар Рыскелдіқызы.

Конференция форматы -офлайн. Қатысу тегін.

Конференцияға 100-ден астам дерматологтар, дерматокосметологтар, жалпы тәжірибелік дәрігерлер, ревматологтар, фтизиатрлар және т.б. қатысуды жоспарлап отыр.

Конференция соңында барлық қатысушыларға сертификат беріледі.

 

Ұйымдастыру комитеті:

 

Көрмені орналастыру мәселесі бойынша: Зульфия Сейтмағамбетқызы Джетписбаева – медицина ғылымдарының кандидаты, «Астана Медицина Университеті»КеАҚ дерматовенерология және дерматокосметология кафедрасының доценті, қауымдастырылған профессор +77015338577@mail.ru.

 

Ғылыми бағдарлама бойынша сұрақтар: Таркина Татьяна Викторовна – медицина ғылымдарының докторы, «Астана Медицина Университеті» КеАҚ дерматовенерология және дерматокосметология кафедрасының доценті +77015334219, ttarkina@yandex.ru

 

Қатысушыларды тіркеу, ҚДДҚ-на қосылу туралы: Савенок Марина Васильевна – «Астана Медицина Университеті» КеАҚ дерматовенерология және дерматокосметология кафедрасының ассистенті

+77013822007, marina-savenok@mail.ru

Перцух Юлия Сергеевна – «Астана Медицина Университеті» КеАҚ дерматовенерология және дерматокосметология кафедрасының ассистенті

 

Тіркеу сілтемесі: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfl5zOi5MsEuhoU-CwcFKUbSXymS6RyjYmF-NYEY0McIl5SJw/viewform?usp=sf_link

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика