«Плужников оқулары»: Бірінші Еуразиялық Халықаралық жас оториноларингологтар мектебіне шақырамыз

«Плужников оқулары»: Бірінші Еуразиялық Халықаралық жас оториноларингологтар мектебіне шақырамыз

Құрметті әріптестер!

Біздің университеттің 60 жылдығына орай 2024 жылы 3-4 маусымда «Астана медицина университеті» КеАҚ жас оториноларингологтардың «Плужников оқулары»: Бірінші Еуразиялық Халықаралық мектебін өткізеді. Қатысуға зерттеушілер, ғалымдар, резиденттер, магистранттар, докторанттар шақырылады.

Мектеп қатысушыларының алдында әр түрлі қалалар мен елдердің танымал ғалымдары мен сарапшылары сөз сөйлейді, олар өздерінің бай тәжірибелерімен бөліседі. Сізде оториноларингологиядағы соңғы жетістіктермен танысуға, дәріскерлерге сұрақтар қоюға, пікірталастарға қатысуға бірегей мүмкіндік болады. Іс-шарада алған біліміңізді практикалық жұмысыңызда қолдана аласыз. Сонымен қатар, мектеп шеңберінде ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы ауруханасының отоларингологиялық клиникасында және Астана қаласы әкімдігінің №1 көпсалалы қалалық ауруханасының Оториноларингология орталығында Лор органдарының заманауи эндоскопиялық хирургиясы бойынша консультациялар мен мастер-класс өткізу көзделген.

Ұйымдастырушылар: «Астана медицина университеті» КеАҚ, «Бірінші Санкт-Петербург мемлекеттік медицина университеті. акад. И. П. Павлова» Ресей Федерациясының Денсаулық Сақтау Министрлігі.

Мектептің жұмыс тілдері: қазақ, ағылшын, орыс.

Барлық сұрақтар бойынша: 87761859500, 87073681054 байланыс телефондары бойынша хабарласуға болады.

іс-шара сайты және тіркелу: https://ms-mag.ru/ENTAstana

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика